podustal
SHANYRAQ STUDY
SHANYRAQ STUDY

Менеджер по продажам

–₸на руки

Опыт от 1 года до 3 лет·Менеджер по продажам, менеджер по работе с клиентами

1 день бесплатноБез привязки картыОтмена в один клик

Анализ зарплаты

1 000 000 ₸середина вилки
от 500 000 ₸до 1 500 000 ₸

Хотите звучать дороже на собеседовании? ИИ усилит резюме и напишет сопроводительное под эту вакансию.

Улучшить резюме

Описание вакансии

Вакансия: Сатылым менеджері

Жалақы 200 000 ₸ + бонус 300 000 ₸-ден бастап. Екінші айда-ақ табысың 1 000 000 ₸-ге жетеді.

Shanyraq Study — 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан білім орталығы. Басқалар жабылып жатқанда, біз керісінше өсіп келеміз. Балалар мен ересектерге робототехника, математика, қазақ тілі бойынша онлайн-курстар сатамыз.

Алматыдағы кеңсемізге сатылым менеджерін іздеп жатырмыз.

—

Неге бізге келу керек?

200 000 ₸ оклад — мұндай окладты сатылымда сирек компания береді. Оның үстіне жоспар үшін бонус, әр күнгі және апта сайынғы қосымша төлемдер бар. Күндік минимумды жаптың ба — бонус сол күні қалтаңда.

Күніне 15–20 ыстық лид келеді. Клиентті іздеп жүрмейсің — өздері жазылады, сен тек қоңырау шалып немесе тегін сынақ сабаққа жазып, сатасың. Мәміле болды дегенше — клиент оқу бөліміне өтеді, сен бос басыңмен келесі клиентке көшесің. Сүйемелдеу жоқ, тек таза сатылым.

Бірінші күннен бастап үйретеміз — өнімді де, скриптті де, қарсылықпен жұмысты да. РОП-ың — жоспарды үнемі жауып жүрген тәжірибелі басшы, сенімен бірге жұмыс істейді.

Ноутбук, құлаққап, жылдам интернет — бәрі компаниядан.

Графигің 11:00–20:00, екі жаққа да кептелісте тұрмайсың.

Әр ай сайын корпоратив жасаймыз — команда демалып, жаңа айға күшпен кіреді.

Қай кезде қандай лауазымға өсетінің, табысың қалай артатыны — бәрі нақты айтылған. Бос уәде жоқ.

—

Кімдерді күтеміз?
— Қазақ тілін білу міндетті.

— Уақытша емес, тұрақты жұмыс іздеп жүргендерді

— Сатылымда тәжірибең бар ма — керемет. Жоқ болса да, сөзге шешен, харизман бар болса — саған да орын бар

— Телефон арқылы сатылым тәжірибесі — үлкен плюс

— Білім беру саласында жұмыс істеп көрдің бе — одан да зор плюс

Өтінім қалдыр — біз өзіміз хабарласамыз.

Shanyraq Study — мұнда менеджерлер шынымен ақша тауып, өсіп жатыр.

Устали искать работу?
Начните прямо сейчас.

Подключите автоотклики за 30 секунд и получайте приглашения на собеседования, пока занимаетесь своими делами.

Без привязки карты · Настройка за 30 секунд